Назар аудар, жалған өнім!

Назар аудар, жалған өнім!

18.08.2021

Назар аудар, жалған өнім!

Құрметті клиенттер!

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 мамырдағы № 373-НҚ бұйрығының негізінде, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274- IV. Заңның (27-бап, 4-тармақ) негізінде, Алматы қаласы бойынша ТРМКД-нің 21 жылғы 17 тамыздағы № 1-21/31-К-80 ұсыным хатына сәйкес, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы.

«Юг-Электрокомплект» ЖШС «Казэнергокабель» АҚ кабель өнімінің МЕМСТ талаптарына, КО ТР 004/2011 талаптарына, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеуіне және тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына ықтимал зиян келтірілуіне байланысты кері қайтарып алынатынын хабарлайды.
* Қажет болған жағдайда МЕМСТ және КО ТР талаптарына анықталған сәйкессіздіктерді растай отырып, сынақ хаттамаларының көшірмелері тұтынушыға ұсынылатын болады.

06.06.2021 по 10.08.21 аралығында сатылған келесі өнім қайтарып алуға жатады:
1. АВВГ-П 2х2,5 партия 69067, өндіруші «Казэнергокабель» АҚ Павлодар қ.
2. АВВГ-П 3х2,5 партия 69057, өндіруші «Казэнергокабель» АҚ Павлодар қ.
3. АВВГ-П 2х4 партия 69307, өндіруші «Казэнергокабель» АҚ Павлодар қ.
4. АВВГ-П 2х6 партия 68973, өндіруші «Казэнергокабель» АҚ Павлодар қ.

Қайтарылған өнімдер Клиенттің өтініші бойынша сапа талаптарына сәйкес келетін өнімдерге ауыстырылады немесе ақшалай қаражат клиентке қайтарылады.

«Юг-Электрокомплект» ЖШС өзінің барлық клиенттерінен келтірілген қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұрайды және жоғарыда көрсетілген өнімді ең қысқа мерзімде айырбастауға немесе қайтаруға кепілдік береді.

Өнімді қайтару мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қ., Кудерин к-сі, 47б.
Байланысушы тұлға: Үкіш Абылайхан
Телефон: + 7 727 3468888
e-mail: almaty@ekt.kz

Читайте также